Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т6,51-ге түсіп, Т373,71/$1 болды

Алматы. 5 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т373,71/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т6,51-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т369,72– 374,93 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $187,75 млн болды.

adimage