Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т7,42-ге түсіп, Т361,94/$1 болды

Алматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т361,94/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т7,42-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т360,2–366 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $112,6 млн болды

adimage