Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,19-ға өсіп, Т374,63/$1 болды

Күні: 15:52, 10-01-2019.

Алматы.10 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде Т374,63/$1 болды. Сәрсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,19 -ға түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т373 – 375,4 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $105,75 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: