Теңгенің ресейлік рубльге шаққандағы бағамы Т3,5-4,5 дәлізі аралығында болады - Ұлттық банк басшысы

Күні: 17:39, 21-10-2014.

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстандық теңгенің ресейлік рубльге шаққандағы бағамы Т4,5-5,5 дәлізімен салыстырғанда Т3,5-4,5 дәлізі аралығында болады,  деп хабарлады Ұлттық банктың төрағасы Қайрат Келімбетов.
«Қазақстан барынша үйлесімді сыртқы саясат жүргізуде. Жақында ғана Елбасы Брюсельде болды,  онда тараптар біздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізді қолдады және Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы заңға қол қойылды. Демек, Қазақстан өзінің одан ары экономикалық кеңістігіне сенімді кіруде. Осы ретте қазақстандық теңгенің бағамы ресейлік рубльге қарағанда нығая түсетіні туралы айтсам деп едім. Яғни теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 3,5-4,5 дәлізі аралығында болады», - деді сейсенбідегі брифингте Қ. Келімбетов.
Ол еске салғандай, бұған дейін теңгенің бағамы Т4,5-5,5 дәлізі аралығында болды.
«Қазақстандық ресейлік экономика өткен кезеңде ұқсас болғандықтан біз нақты теңге-рубль тепе-теңдігін қарастырдық. Естеріңізде болар, ол кезде тепе-теңдік 4,5-5,5 (теңгенің рубльге шаққандағы бағамы - ҚазТАГ) құрады. Ал, бүгінде біз экономикамыздың Қазақстан мен Ресей Федерациясындағы жағдайдың әр түрлі екенін байқап отырмыз», - деп атап өтті Қ. Келімбетов.
«Бұл бірінші кезде, Ресейдің жан-жағында болып жатқан санкциялық қақтығыстар. Оны көптеген ұйымдар ресейлік санкцияларға қарсы жариялады. Демек, Ресей бүгінде үлкен геосаяси қысымның астында қалып отыр», - деп толықтырды ол.
«Жалпы, уайымдауға еш себеп жоқ», - деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: