Алматы. 12 ақпан. ҚазТАГ – Теңгіздегі ауысымдық жұмыс қалашығында жұмысшылар жаппай уланды, деп хабарлады «Ақ жайық».
«8 ақпанда Теңгіздегі ауысымдық жұмыс қалашығында «ЮлмарСервиз» ЖШС 25 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін жайсыз сезініп, Құлсарыдағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылған», - делінген хабарда.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Зылиха Құлғазиева мәлімдегендей, науқастардың жағдайы бір қалыпты.
«Улану себебін сараптама анықтайды», - деді З. Құлғазиева.
Теңгіздегі ауысымдық жұмыс қалашығында жұмысшылар жаппай уланды
