Теңіздегі ереуіл кезінде 30 адам зардап шеккен

Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ - Теңіздегі ереуіл кезінде 30 адам зардап шеккен, деп хабарлады 29 маусымда Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Теңіз жұмысшылар кентінде жұмысшылармен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары кездесті. «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore» (CСЕР) жұмысшыларымен кездесу барысында тұрмыстық жанжалды ушықтыруға болмайтыны айтылып, кеніштегі еңбекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұл мәселелерді қарастырумен ведомствоаралық комиссия айналысатын болады, оған мемлекеттік органдардан басқа, "Теңізшевройл" (ТШО) мен Сonsolidated Contracting Engineering and Procurement S.A.L Offshore (CCEP) өкілдері кіретін болады. Кездесу қорытындысы бойынша жұмысшылар тарқады, жағдай бірқалыпты. ТШО медпунктінде 30 адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қаза тапқандар жоқ», - деп хабарлады сенбі күні Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Атап өтелік, бір араптың қаза тапқаны туралы ақпар расталмады.
Еске сала кетейік, араптың әлеуметтік желідегі жарияланамы үшін Теңізде 3GI зауытында 1 мыңдай жұмысшы ереуілге шыққан.
Атырау облысы әкімдігінде мәлімдегендей, 29 маусымда шамамен 11.00-де «Теңіз» жұмысшылар кентінде (аталмыш кен орны Атырау қаласынан 340 ш, Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 ш. қашықтықта орналасқан) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесінде жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің «WhatsApp» профиліндегі жақында жариялаған суретіне ашуларын білдірген, ол суретте ливиялықтың қолында рациясы бар, ал оның антеннасы қызға қарай бағытталған.
Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, оқиға орнында уәкілетті органның барлық лауазымды тұлғалары, аудан прокуроры бар, жұмысшылармен кездесу үшін облыс әкімі де ұшып шыққан, ПД, ҰҚКД өкілдері, облыс прокуроры да келген, оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұр.
Кейін белгілі болғандай, энергетика бірінші вице-министрі Досмұхамбетов кешке Атырауға ұшып шықпақ.
Кейін Ливиялық Эли Дауд қазақстандықтар алдында кешірім сұраған видеохабарламасын жариялады. Атырау облысы полиция департаменті «Теңіз» жұмысшылар кентіндегі бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.


adimage