Теңіздегі жағдай: ТШО мердігер компания ССЕР-мен шартты бұзған жоқ

Күні: 14:47, 02-07-2019.

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – «Теңізшевройл» (ТШО) мердігер компания «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)»-мен ешқандай шартты бұзған жоқ, деп хабарлады ТШО үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің аға менеджері Рзабек Артығалиев.
«Әлеуметтік желіде тараған ТШО мен ССЕР мердігер компаниясының арадағы шартты бұзғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады Артығалиев дүйсенбідегі брифингте.
Журналистердің сұрағына жауап берген ол сонымен қатар Теңіз кен орнынан шетелдік жұмысшылардың эвауациялануы туралы ақпаратты да жоққа шығарды, ол туралы да әлеуметтік желіде видео тараған еді.
Артығалиев ол Теңізде күнде болатын вахталық ауысу деп түсіндірді.
«Мынша адам қуылды –мыс деген ақпарат таралуда. Мәселен Қытайдың 780 азаматы дейді. Бізде Теңізде мүлде қытайлық компания жоқ. Мен мұндай ақпараттың қайдан алынғанын білмеймін. Оның барлығы жалған. Кімдердің қуылғаны туралы – меморгандардан біліңіз, бізде ондай ақпарат жоқ», - деді ол.
Бұл ретте ТШО өкілі болашақ кеңейту жобасында 25 мың адамның жұмыс жасайтынын, оның 1 мыңдайы ғана шетелдік азаматтар екенін айтты. Тағы негізгі өндіріс бар, ол жерде 15 мың адам жұмыс жасап жатыр. Жалпы 40 мыңдай адам. Сондай-ақ, негізгі өндірістенгі жұмыстар да тоқтамаған – зауыт жұмысын жалғастыруда.
Артығалиевтің айтуынша, тек «Болашақ кеңейту жобасы» үшінші толқын зауытының (БКЖ ҮТЗ) құрылыс алаңындағы жұмыстар уақытша тоқтатылған. Олар жақын арада қайта жандандырылады. ТШО өндірістік нысандары, басқа нысандарды қоса алғанда барлығы штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.
«Тек БКЖ ҮТЗ құрылыс алаңында ғана, егер есте сақтау қабылетім мені алдамаса, 15-16 компания жұмыс жасайды, ал ССЕР компаняисында 8 мыңдай адам жұмыс жасайды, 600-ден астамы - шетелдік азаматтар. Компания ССЕР компаниясы БКЖ ҮТЗ –ның өзінде электромеханикалық құрал-жабдық құрылысы және монтаждау жұмыстары бойынша мердігер болып табылады, ал сіздер білесіздер ол модульді зауыт. Бұл ТШО 2018 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан ірі мердігер. Және олар жаңа зауыт құрылысы аяқталмайынша жұмыс жасайтын болады», - деп атап өтті ТШО өкілі.
Сонымен қатар, ол «Теңізшевройл» компаниясы өз жұмысшыларын Теңізден эвакуацияламағанын да жеткізді – олар жұмыстарын жасап жатыр, ал 29 маусымда зардап шеккендерді – 30 шақты адам – Атыраудан алып кетті.
«Адам өлімі болған жоқ, әлеуметтік желіде хабарлағандай біреудің басын құбырмен ұру дерегі де тіркелген жоқ, мұның барлығы фейк. Ауыр жарақат алғандар жоқ», - деп мәлімдеді Артығалиев.
Еске сала кетейік, 29 маусымда араптың әлеуметтік желідегі жарияланамы үшін Теңізде 3GI зауытында 1 мыңдай жұмысшы ереуілге шыққан.
Атырау облысы әкімдігінде мәлімдегендей, 29 маусымда шамамен 11.00-де «Теңіз» жұмысшылар кентінде (аталмыш кен орны Атырау қаласынан 340 ш, Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 ш. қашықтықта орналасқан) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесінде жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің «WhatsApp» профиліндегі жақында жариялаған суретіне ашуларын білдірген, ол суретте ливиялықтың қолында рациясы бар, ал оның антеннасы қызға қарай бағытталған.
Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, оқиға орнында уәкілетті органның барлық лауазымды тұлғалары, аудан прокуроры бар, жұмысшылармен кездесу үшін облыс әкімі де ұшып шыққан, ПД, ҰҚКД өкілдері, облыс прокуроры да келген, оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұр.
Кейін белгілі болғандай, энергетика бірінші вице-министрі Досмұхамбетов кешке Атырауға ұшып шықпақ.
Кейін Ливиялық Эли Дауд қазақстандықтар алдында кешірім сұраған видеохабарламасын жариялады. Атырау облысы полиция департаменті «Теңіз» жұмысшылар кентіндегі бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Аталмыш жағдай барысында 30 шақты адамға медициналық көмек көрсетілген, қаза тапқандар жоқ.
1 шілдеде «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)» араптық компанияның бас директоры Кауаш Хишам тәртіпсіздіктің туындауына себеп болған видео үшін кешірім сұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: