Техникалық ақау Алматыда 50 шақты ғимараттың жылусыз қалуына әкеліп соқты

Күні: 17:35, 10-12-2018.

Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Техникалық ақау Алматыда 50 шақты ғимараттың жылусыз қалуына әкеліп соқты, деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-нен.
«Алматы қаласының Бостандық ауданында Асқаров-Бәйкенов көшелері бойындағы 50 шақты ғимарат бірнеше сағатқа жылудан ажыратылды. Алдын ала ақпарат бойынша, штаттан тыс жағдай Асқаров пен Садықов көшелерінің қиылысындағы диаметрі 500 мм болатын құбырдың техникалық құралының жұмысының ақауынан орын алған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Коммуналшылар кешке дейін жылуды қайта қосуға уәде беруде.
«Қаланың осы секторындағы тұрғындарға жылу мен ыстық су барлық апатты жұмыстар аяқталғасын ағымдағы тәулікте кешкі шамамен сағат 17.00-де беріледі. Жылудан уақытша айыру тұрғын үйлер мен басқа нысандардағы температура режиміне әсер етпейді», - деп мәлімдеді компаниядан.


Жаңалықтармен бөлісу: