Telegram Беларусияда цензураға қарсы құралын қосты - Павел Дуров

Алматы. 11 тамыз ҚазТАГ – Telegram мессенджері Беларусияда цензураға қарсы құралын қосты, деді сервисті жасаушы Павел Дуров.
«Telegram көптеген қолданушыларға қолжетімді болу үшін Беларусиядағы цензураға қарсы құралымызды қостық. Алайда байланыс бұрынғысынша тұрақсыз, себебі Интернет елде бұрынғысынша тоқтап қалып тұр», - деді Дуров сейсенбіде.
Беларусияда президент сайлауынан кейін қарсылық акциялары жалғасуда, күш құрылымдары оларды аяусыз қууда: олар көзден жас ағызатын газ, резеңке пул, жарықтық-дыбыстық гранаталар қолдануда. Қарсылық білдірушілер жауап ретінде фейерверктер пайдалануда, «Молотов коктейлдерін» қолдану да тіркелді. Кей хабарлар бойынша қарсылық танытушыларға жақын бару үшін күш құрылымдары жедел-жәрдем каретасын қолдануда.
Бір адамның қаза болғаны белгілі – Беларусь ІІМ мәлімдегендей, оның қолындағы жарылғыш зат іске қосылған-мыс.
Елдегі тәуелсіз Telegram-каналдары азаматтарды мерзімсіз ереуілге шығуға шақырды, ал Беларусь металлургиялық зауытының екі цехы саяси ереуіл туралы жариялады.
Еске салсақ, Беларусиядағы президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко экзит-полдың ақпарынша сайлаушылардың 80%-ның дауысына ие болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев беларустық әріптесін мемлекет басшысы болып қайта сайлануымен құттықтады.
Минскіде және Беларусияның басқа да қалаларында жаппай қарсылықтар жүріп жатыр.

adimage