Теміртау тұрғындары мұражайлар мен тарихи-мәдени орталықта қала тарихымен таныса алады

Теміртау. 1 қазан. ҚазТАГ – Қарағанды облысының Теміртау қаласы бүгін жетпіс жылдық мерейтойын атап өтуде, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«Бұл жұмысшы қаласы қашаннан бері республика өнеркәсібінің, қабілетті еңбеккерлердің, жастық пен болаттың өзіндік бір флагманы болды», - деді қала әкімі Ғалым Әшімов.  

Бұл күндері қала тұрғындары қалалық тарихи-өлкетану мұражайында, тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығында, оқу орындарының мұражайларында Теміртаудың қайталанбас тарихымен, тарихи жолдарымен, еңбек дәстүрлерімен зор қызығушылықпен танысты.  

Хабарда айтылғандай, 1845 жылы 1 қазанда Қазақ КСР Жоғары кеңесі президиумының жарлығымен Самарқанд ауылы Қарағанды аймағының қала маңы құрамынан шығарылып, Теміртау қаласы болып қайта құрылды.  

«Бұл атау мұнда үлкен металлургиялық зауыт салу үмітімен берілді» - делінген бейсенбідегі хабарда.  

Қазіргі таңда Теміртау-бұл Қазақстанның ірі индустриялық орталығы, бұл жерде индустрияның негізгі кәсіпорындары шоғырланған.  

«Бұл жерде мыңнан астам ірі және шыған кәсіпорындар, орта және шағын бизнес субъектілері орналасқан. Өнеркәсіп дамып жатыр, әлеуметтік сала да қарқын алуды, инфрақұрылымның заманауи нысандары салынуда», - делінген хабарда.

adimage