Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Теміртауда сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«3 мамырда сағат 21.16-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Теміртаудағы «Нұр-ра» сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт бірінші қабатта азық-түлік бөлімінде шыққан. Тілсіз жау 30 ш.м.алаңды шарпыған. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 21.58-де сөндірілген», - деп хабарлады сенбі күні ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол нақтылағандай, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Өрттің алдын-ала себебі – электр құралдарының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамындағы 22 адамы мен бес бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді Нұрахметов.
Теміртауда сауда үйінде өрт шықты
