Тергеу Алматы облысы әкімінің орынбасары Манзоровтың ісін қайта ауыстырды - БАҚ

Күні: 12:12, 02-10-2019.

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ – Тергеу Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісін қайта ауыстырды, дап жазды «Время».
«Біздің ақпарымызша қылмыстық іс ҚК 366-бабынан (пара алу) 190-бабына (алаяқтық) ауыстырылды. Яғни тергеу органы Алматы облысы әкімінің орынбасарының сыбайлас жемқорлық қылмысын жасамағанына сенімді. Ал Манзоровтың көмекшісі Бағдат Сайланбайұлының изоляторда емес ауырып жатқанын растады», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, қылмыстық іс Алматы облысының әкімдігімен ешқандай байланысты емес.
«Белгілі болғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан шенеунікке қарсы шағымдар ол Алматыдағы МСҚББ (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, қазіргі қалақұрылысы басқармасы – ҚазТАГ) басқарған кезде туындаса керек», - делінген материалда.
БАҚ ақпарынша, 2018 жылы МСҚББ сол кездегі бастығы Манзоровтың қызметіне екі кәсіпкер – Абраев және Баймаханов дегендер жүгінген.
«Сонау 2014 жылы олар «Жайлау» ықшамауданында алаңы 1,8 га болатын үлкен жер телімін сатып алған, ол жақында «Ғаламат» болып өзертілген еді. (…) Осы екі кәсіпкер МСҚББ арқылы өздерінің жер телімдерінің пайдалану мақсатын коммерциялықтан ЖТҚ арналған етіп өзгертпек болады. Тергеу нұсқасы бойынша олар келіссөзге Арипов деген адамды жіберген. Ол МСҚББ бастығын қиын жағдайға тап болған жақсы жігіттерге көмектесуге көндіреді. Әлбетте босқа емес. Оның орнына шенеунік жер телімінен бар-жоғы 30 сотык бөлігін сұраған-мыс. Кәсіпкерлер келіскен», - делінген хабарда.
Осыдан кейін, тергеу нұсқасы бойынша, мәміленің өзі де болған-мыс.
«Талап етілген 0,3 га, сыбайлас жемқорлық ақпарынша, мемқызметкердің қызы Әйгерім Манзороваға жазылған. Мәмілені нотариус Әлия Тленшиева рәсімдеген, және осы жер телімі үшін сатып алушы сатушыға Т7,2 млн бергендей болған. Бұл ретте сыбайлас жемқорлықпен күресушілердің ақпарынша, «Ғаламат» ықшамауданындағы 30 сотык жердің нарықтық бағасы шамамен Т300 млн тұрады екен», - дейді БАҚ.
Ал жауапты қадамды бизнесмендерге жарты жыл күтуге тура келген.
«Тек 2019 жылдың мамырында Алматы әкімінің қаулысымен жер телімінің мақсатты тағайындамасы өзгертілген, бірақ жеке тұрғын үй құпылысы етіп емес, иелері қалағандай, кемпингке ...! Яғни ол жерде байлар үшін зәулім үйлер салуға бұрынғысынша болмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы әкімінің орынбасары Манзоровқа деген қызығушылықтары да осымен байланысты шығар. Қыркүйек айының аяғында оны Алматыда Талдықорғаннан іссапардан келген бетінде ұстаған», - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін ғаламторда 26 қыркүйек күні сағат 4.55-те Манзоров ұсталып, сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметкерлерінің оны Алматы ПД УҰИ-ге тоғытқаны туралы хабар тараған еді. Хабарда әкімнің орынбасарына ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі (пара алу) бойынша айып тағылып жатқаны айтылған. ҚазТАГ ХАА редакциясы Алматы облысы әкімдігіне хабарласқан, ол жерде Манзоровтың ұсталғандығы туралы мәліметтің жоғын, өздерінің де жағдайды анықтау үшін құқыққорғау органдарына жүгінгендерін жеткізген.
26 қыркүйек күні кешкісін құқыққорғау органдарындағы дерек көзі ҚазТАГ тілшісіне Алматы облысы әкімінің орынбасарының ұсталғанын растады, ал 27 қыркүйекте Манзоровтың ұсталғандығы туралы ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми түрде растады. Оның ұсталғандығы туралы ресми ақпарға түсінік бере келе, Алматы облысының әкімдігі өңірде оның жұмысына ешқандай шағым жоғын жеткізді.
1 қазанда Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен Алматы соты Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты бұлтартпас шарасы бойынша шешім шығармағанын хабарлады. Ал заң бойынша ұсталған адамға қатысты бұлтартпас шарасы ұстаған сәттен бастап 72 сағат ішінде шығарылуы керек.
Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған. Оған дейін ол 2008-2017 жылдар аралығында Алматының Алатау ауданының әкімі болған.


Жаңалықтармен бөлісу: