Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғыны кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды

    Шымкент.21 қыркүйек.ҚазТАГ- Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғыны кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды,деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
   «Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады. Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды»,- делінген хабарламада.
    Белгілі болғандай, сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған.
   «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді. 2023 жылы 17 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді»,- деп қосты ҰҚК.

adimage