«Тиін» арт-нысаны Алматыда 2019 жылдың наурызына дейін тұрады

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. «Тиін» арт-нысаны Алматыда 2019 жылдың наурызына дейін тұрады, деп хабарлады қалалық мәдениет және мұрағат басқармасынан.  
«Тиін наурызға дейін тұрады (2019 жылғы – ҚазТАГ)»,- деді сейсенбі күні басқармадан.  
Еске салсақ, Алматы әкімі Б.Байбек «арт-нысанға жұмсалған қаржы толығымен ақталды, яғни Алматы туралы көптеген әлемдік БАҚ ақшасыз да материал жариялады».
Бұған дейін хабарлағандай, «Атакент» көрме кешенінің алдында орналасқан тиін 9 шілде күні салтанатты түрде ашылды, оның құны Т23 млн құрады, сонымен қатар қала бюджетінен оған Т15 млн жұмсалған. Сондай-ақ, биыл Алматыда тағы 15 арт-нысан орнату жоспарлануда, олардың жалпы құны конкурс ұйымдастыру мен оған тиіннің аворы Алекс Ринслердің қатысуын қоса алғанда Т78 млн құрайды.  

adimage