Тимур Сүлейменов тағы бір лауазымға тағайындалды

Астана. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады ҰЭМ баспасөз қызметінен.
«ҚР Ұлттық экономика министрі «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды», - делінген жұмадағы хабарда.
Комитет мемлекеттік стратегиялық тапсырмаларды жоспарлау және іске қосу мәселелерін қарау үшін құрылған.
«Стратегия комитетінің негізгі міндеті маңызды стратегиялық тапсырмаларды жіктеуді мынадай жолмен қамтамасыз ету болып табылады: Қордың директорлар кеңесінде Қордың даму стратегиясын 10 жылдық кезеңге алдын ала мақұлдау және Қордың даму жоспарын 5 жылдық кезеңге одан әрі қарау үшін; Қордың директорлар кеңесінде Қордың Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыруды мониторингілеу және бақылау мақсатында Даму стратегиясының, Қордың даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есептерді қарау, Қордың ұлттық компаниялардың даму стратегиясының ұлттық стратегиялар, міндеттер және мемлекеттік бағдарламалардың декомпозициялық стратегиялық көрсеткіштерімен сәйкестігі туралы ақпаратын қарау», - деп түсіндірді ұлттық экономика министрлігінен.

adimage