Тимур Жақсылықов ҚР президентінің көмекшісі болып тағайындалды

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Тимур Жақсылықов ҚР президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», - делінген жұмадағы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығында. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Т:Жақсылықов 2017 жылдың сәуірінен бері экономика және қаржы саясаты бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының  мүшесі, ал оған дейін 2014 жылдың тамызынан бастап 2017 жылдың сәуіріне дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі болған.

adimage