Өткен тәулікте Қазақстанның төрт облысында далалықта жеті жерде құрғақ шөптің өртенуі тіркелген

Астана. 14 мамыр. ҚазТАГ - Өткен тәулікте Қазақстанның төрт облысында далалықта жеті жерде құрғақ шөптің өртенуі тіркелген, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«Өткен тәулікте республикамыздың далалығында құрғақ шөптің жеті рет өртенуі тіркелді. Құрғақ шөптің өртенуі Алматыда (2), Ақтөбеде (1), Павлодарда (1) және Шығыс Қазақстан (3) облыстарында тіркелген. Өрттің жалпы алаңы 164 га жерді құраған», - деді Нұрахметов сейсенбіде.
Ол нақтылағандай, өртті сөндіруге ТЖД өрт сөндіру техникасының жеті бірлігі және жеке құрамдағы 23 адам, ЖАО төрт техникасы мен 13 қызметкері, ерікті өртке қарсы қалыптастыру техникасының 16 бірлігі мен 63 қызметкері жұмылдырылған.
«Барлық өрт сөндірілді, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.

adimage