Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберді Қытайда қазақстандықтардың қайсысы қалатынын айтты.
«Біздің 343 азаматымыз Қытайда қалды. Бірінші кезекте олар біздің дипломатиялық корпуста жұмыс жасайтын қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары. Оған қоса ол жатқа біздің студенттер бар. Ол жақта басқа жұмыстарымен жүрген азаматтарымыз да бар. Алайда олардың қайтуға (Қазақстанға – ҚазТАГ) ниеттері жоқ», - деді Тлеуберді сәрсенбі күні мәжіліс кулуарында.
Бұл ретте ол атап өткендей, Қытайдағы Қазақстанның шетелдік мекемелерінің барлығы штаттық тәртіпте жұмыс жасап жатыр.
Бұған дейін хабарланғандай, 150-ден астам адамды Қытайдан кезекті ұшақпен Алматыға жеткізу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2019-nCoV коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 44,6 мыңнан асады, қайтыс болғандар - 1113, 4,7 мыңнан астам адам жазылды.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34