ТМД елдері ортақ саудада техкедергілерді еңсеру механизмін қалыптастырғылары келеді

Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері ортақ саудада техникалық кедергілерді еңсеру механизмін қалыптастырмақ, деп хабарлады достастықтың атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен.
«21 ақпанда Мәскеудегі ТМД атқарушы комитетінде ТМД мүше-елдерінің ортақ саудадағы техникалық кедергілері туралы келісім жобасын келісу бойынша сарапшы топтың отырысы өтеді. Келісімді қабылдау ТМД мүше-елдерінің ортақ саудада техникалық кедергілердің еңсеру механизмін қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады достастықтың атқарушы комитетінен.
Баспасөз қызметінде нақтылағандай, отырысқа ТМД елдері салалық атқарушы органдарының өкілдері, сондай-ақ, ТМД атқарушы комитетінің өкілдері мен Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралык кеңестің стандарттар жөніндегі бюросы қатысады.

adimage