ТМД елдерінде 2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4% артты

Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – (ТМД) Достастық елдерінде 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4% артты, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4% артты (2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 2,8%)», - деп хабарлады сәрсенбіде ұлттық экономика министрлігінен.
Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,2% артты (2017 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 6,3%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 11,4% артты (2017 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 10,1%).

adimage