ТМД ӘШҚҚ мәселелері жөніндегі төраға болып РФ ӘҒК бас қолбасшысы Суровкин тағайындалды

Күні: 18:24, 28-09-2018.

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) мәселесі бойынша үйлестіруші комитеттің төрағасы болып РФ ӘҒК бас қолбасшысы генерал-полковник Сергей Суровкин тағайындалды, деп хабарлады ТАСС.
«С. Суровикинді әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселесі жөніндегі үйлестіруші комитеттің тқрағасы етіп тағайындаймыз», - деп мәлім етті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұма күні кеңейтілген форматта өткен ТМД мемлекет басшыларының кеңес отырысы барысында.  
Хабарда атап өтілгендей, шешім бірауыздан қабылданған.


Жаңалықтармен бөлісу: