ТМРА экс-басшысы Оспановтың ісі бойынша сот Астанада 11 қараша күні басталады

Күні: 12:27, 03-11-2014.

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановтың ісі бойынша басты соттық іс қарауы 2014 жылдың 11 қарашасында басталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Басты соттық іс қарауы 11 қараша сағат 10-ға белгіленген», - деді ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот кеңсесінен.
Еске сала кетейік, М. Оспановты ҚР Қылмыстық кодексінің 311 б. 5 б. (аса ірі көлемде пара алу) бойынша айыптауда, ал істің екінші фигуранты Арман Ақтайды – ҚР ҚК 312 б. 5 б. (аса ірі көлемде пара беру) бойынша.
ТМРА экс-басшысы табиғи монополиялар субъектісіне жәрдемдесіп, оған жақтасушылық танытқаны үшін $300 мың сомасында пара алды деп айыпталуда.
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері М. Оспановты қолға түсірді, сот оны қамауды санкциялады. М. Оспанов ТМРА-ны 2012 ж. қаңтарында басқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: