Тоқаев 4 жылда мұғалім жалақысын екі есе көтеруді тапсырды

Астана. 16 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 4 жылда мұғалім жалақысын екі есе көтеруді тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мұғалімдердің жалақысы ең төменгі жалақылардың бірі болып қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65% құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын 4 жыл ішінде екі есе өсіруді тапсырамын», - деп мәлім етті Тоқаев жұма күні педагогтардың тамыз конференциясында.
Сонымен қатар, ол ҚР білім және ғылым министрлігіне «кіріс деңгейі төмен отбасылардан шыққан немесе қиын әлеуметтік жағдайда жұмыс жасайтын және көрсеткіші төмен мектептерден шыққан балалардың академиялық артта қалуын еңсеретін арнайы бағдарламаларды әзірлеуді және іске қосуды» тапсырды.
Сонымен қатар, президент «2025 жылға дейін білім және ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқытудың 12 жылдық үлгісіне ойластырылған түрде көшуді қамтамасыз етуді» тапсырды.
«Сондай-ақ, техникалық және кәсіби білім берудің қай бағытта дамитынын түсіну маңызды», - деп атап өтті президент.

adimage