Тоқаев Ақордада Келімбетовты қабылдады

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетовты қабылдадым. Орталық алдындағы міндеттердің тиімді жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өттім», - деп жазды Тоқаев сейсенбіде өзінің Twitter парақшасында.
Мемлекет басшысының ақпарынша, АХҚО шетелдік капиталды тарту және қор нарығын дамыту, инвесторлар құқығын қорғау және сапалы қаржылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды күшейту керек.

adimage