Тоқаев АҚШ-тың арнайы өкілімен Ауғанстаннан әскер шығару кезіндегі серіктестік мәселелерін талқылады

Астана. 14 маусым. ҚазТАГ- Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың арнайы өкілімен Ауғанстаннан әскер шығару кезіндегі серіктестік мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Ауғанстандағы татуласу жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады. Кездесу барысында Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету контекстінде, соның ішінде АҚШ пен НАТО әскерлерін осы елден шығару тұрғысында Қазақ-американдық кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту перспективалары қаралды. Сондай-ақ, Ауған мемлекетін тұрақтандыру және әлеуметтік - экономикалық қалпына келтіру бойынша екіжақты және көпжақты күш-жігерді үйлестіру мәселелері қозғалды", - делінген хабарламада.
Президенттің айтуынша, бұл сапардың елдер арасындағы диалогты жоғары деңгейде қолдау тұрғысынан маңызы зор.
"Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы кезеңде біз достық қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты құра алдық. АҚШ Қазақстанның сенімді серіктесі болып табылады. Біз түрлі салаларда, соның ішінде сауда және экономика саласында белсенді өзара іс – қимыл жасаймыз", - деп атап өтті Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ауғанстандағы жағдайды реттеу жөніндегі ынтымақтастықты Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды құрамдас бөлігі деп атады.
Президент атап өткендей, ауған мәселесі оның Ауғанстан, Ресей, Қытай, Орталық Азия мемлекеттері және халықаралық ұйымдар басшыларымен келіссөздерінің басты назарында.
Өз кезегінде Залмай Халилзад Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеке кездесу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдірді. АҚШ-тың арнайы өкілі Қазақстан Президентінің Ауғанстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған халықаралық күш-жігерге қосқан үлесін жоғары бағалады, сондай-ақ еліміздің Орталық Азия өңіріндегі маңызды тұрақтандырушы рөлін атап өтті.
Әңгіме барысында Залмай Халилзад Ауғанстандағы қазіргі ахуалға қатысты өз бағаларымен, ауғанаралық бейбітшілік процесін одан әрі дамытуға қатысты американдық дипломатияның пайымымен және Ауған бағытындағы барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестірумен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Америка әскерлері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін есірткі саудасы мен терроризм тәуекелдерін азайту үшін Қазақстанмен ынтымақтастық жасау ниеті туралы, деп хабарлады Ауғанстандағы татуласу жөніндегі арнайы өкіл Залмай Халилзад брифингте. Сонымен қатар, ол тәуекелдердің алдын алудың ең жақсы тәсілі – Ауғанстанда мықты үкімет құру екенін атап өтті.

adimage