Тоқаев Ақтау көшелерінде өзінің суреті бейнеленген 14 билбордтың барын білді

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау көшелерінде өзінің суреті бейнеленген 14 билбордтың барын білді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Маған Ақтауда менің суретім бар 14 бибордтың орнатылғаны туралы хабарлады. Бұл мүлдем орынсыз деп санаймын, мен мұндай насихатқа зәру емеспін. Осындай әкімшілік ыждаһаттылықтың не керегі бар?» - деді Тоқаев жұма күні Маңғыстау облысы жұртшылығы өкілдерімен кездесуде.
Оның айтуынша, «билбордтарды Елбасы бастаған еліміздің нақты жетістіктерін паш етуге арнау керек».
«Бұл менің барлық деңгейдегі әкімдерге кеңесім», - деп мәлім етті президент.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.

adimage