Тоқаев Ақтауда әлеуметтік нысандарды аралап, теңіз портының жұмысымен таныспақ

Астана. 11 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Касым-Жомарт Тоқаев Ақтауда әлеуметтік нысандарды аралап, теңіз портының жұмысымен таныспақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары кезінде бірқатар әлеуметтік нысандарды аралау, теңіз сауда портының жұмысымен танысу жоспарланған», - деп хабарлады бейсенбіде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездеспек.

adimage