Тоқаев Абай мұрасын насихаттауда сіңірген еңбектері үшін бірқатар тұлғаны орденмен марапаттады

Астана. 10 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мұрасын насихаттауда сіңірген еңбектері үшін бірқатар тұлғаны орденмен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін наградталсын: II дәрежелі «Достық» орденімен Америко Эдельсио - Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы, Ганем Халед Ас-Саид - Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы, Кибар Зафер - жазушы, Түркия Республикасы, Кошут Леонард - әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы, Манн Джейн - Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Мәжит Ақбар - жазушы, Қытай Халық Республикасы, Пряхин Георгий Владимирович - Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы, Пуиг Мария Санчес - Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры, Испания Корольдігі, Хачатрян Шушан - Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы, Хуанчжан Ха - аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы, Шатқам Қажымұхамет - жазушы, Иран Ислам Республикасы. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Бұған дейін, хабарланғандай, Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы атап өтілуде.
Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. 2020 жылы Қазақстан 175 жылдығын атап өтуде – ұлы ақынның мерейтойы мемлекеттік деңгейде атап өтілуде.
Еске салсақ, 5 тамызда хабарланғандай, ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні – 10 тамыз – Қазақстанда ресми түрде мереке болып қабылданды.

adimage