Тоқаев адам саудасына қарсы арнайы заң қабылдауды тапсырды

   Астана.29 наурыз.ҚазТАГ- Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам саудасына қарсы арнайы заң қабылдауды тапсырды.
   "Құқық қорғау саласындағы тағы бір күрделі мәселе – адам саудасы. Бұған тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет. Мұндай заң адам саудасының құрбаны болған азаматтарды қорғау мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл, әсіресе, жаһандық және өңірлік мәжбүрлі көші-қон жағдайында өте өзекті", -деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
   Президент заңды әзірлеуге отандық заңгерлер және сарапшылармен қатар, халықаралық ұйымдардың өкілдерін тартуды тапсырды.

adimage