Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«1. 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін. 2. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылсын», - делінген дүйсенбідегі Тоқаевтың жарлығында.
Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктеді.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын», - делінген күшіне енген жарлықта.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы кезінде жарлыққа 2 қыркүйек күні қол қоятынын мәлім еткен еді.
Қатысты сілтемелер
-
Бейсенбіде Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды
3 Қазан 2024, 09:11 -
Бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі
3 Қазан 2024, 08:47 -
Түркістан облысында бір елді мекеннің ауыз су жүйелеріне Т972 млн жұмсамақ
2 Қазан 2024, 16:28