Тоқаев «Қаламқастағы» ТЖ жеке бақылауына алды

Күні: 11:15, 27-03-2019.

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы «Қаламқас» кен орнындағы жағдайды жеке бақылауына алды.
«Үкіметке «Қаламқас» кен орнындағы ТЖ жою және өрттің тұтану көзін сөндіру бойынша барлық қажетті шараны қолға алуды тапсырдым. Бұл сұрақ менің бақылауымда», - деп жазған Тоқаев сейсенбі күні өзінің twitter-аккаунтында.
Еске салсақ, 25 наурызда сағат 07.10-да Маңғыстау облысы ТЖД кезекші-диспетчер қызметіне Маңғыстау ауданы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ «Қаламқас» мұнай кен орнындағы ұңғымалардың бірінде 900 ш.м. алаңда ашық өрт шыққан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндіру орнында Маңғыстау облысы ТЖД бастығы Қуанар Базарбаевтың жетекшілігімен жедел штаб ұйымдастырылды.
26 наурызда «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ баспасөз қызметінен кен орнында шыққан өртті өрттің негізгі көзіне апаратын кірме жолдардың болмауынан сөндіру мүмкін болмай жатқанын хабарлаған еді.
Өрттің шығуына бұрғылау ұңғымасындағы апат себеп болған. Атап айтсақ, 24 наурызда белгілі болғандай, 13 наурызда сағат 17.30-да «Қаламқас» кен орнында «Си Бу» Инженерлік Бұрғылау Компаниясы» ЖШС (Ақтау) жобалық тереңдігі 903 м №8237 ұңғымасын бұрғылау кезінде газ-су қоспасының атқылауы орын алған. Қазақстан энергомині апаттың салдары 24 наурыз кешке дейін жойылады деп мәлімдеген еді.


Жаңалықтармен бөлісу: