Тоқаев Албания президенті Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президенті Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады», – делінген хабарда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Албания халқына құт-береке тіледі.
«Бүгінде Албания тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің одан әрі қарыштап дамуына, еліңіздің мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.

adimage