Тоқаев алдағы күндері Путинмен және Макронмен келіссөздер өткізеді

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері Ресейге барып, Владимир Путинмен және Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөздер өткізеді, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні ресми сапармен Ресей Федерациясына барады. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады», – делінген хабарда.
29-30 қараша күндеріҚазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

adimage