Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапары барысында Алматы облысындағы үш ауысымда оқитын және апатты мектептер проблемасын шешуді тапсырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Біздің басты мақсатымыз – адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту. Алдағы 2-3 жылда үш ауысымда оқитын және апатты мектептер проблемасын шешу қажет. Өңірге (Алматы облысы – ҚазТАГ) тағы 20 мектептің құрылысы керек. Осы мақсатқа 2020-2021 жылдарға Т29 млрд. бөлу керек», - деп келтірген Ақорда өзінің Twitter парақшасында бейсенбі күні Тоқаевтың сөзін.
Оның айтуынша, «Алматы облысына медицина мамандары жетіспейді».
«Жас мамандардың қалалардан ауылдық жерлерге баруын ынталандыру қажет. Әкімдік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас кадрларды қабылдау үшін жағдай жасау жұмыстарын жағастыруы тиіс», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, «жұмыс жасайтын жастар, жас отбасылар үшін белсенді түрде баспана салу керек».
«Әкімдік жас мамандарды баспанамен қамту үшін өзге өңірлердің үлгісімен «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаны жабатын тұрғын үй сертификаттарын беру тетігін іске қосуы қажет. Бұл ретте нақты кімдердің әлеуметтік көмекке зәру екендерін, ал кімнің жұмыс істегісі келмейтін, тек мемлекеттің жәрдемақысы есебінен күн көріп жүргендерін анықтап, олардың ара-жігін ажыратып алу керек», - деді Токаев.
Ол «жердің еңбек еткісі келетіндерге тиесілі болуы керектігін» атап өтті.
«Ол үшін әкімдік екі міндетті шешуі керек: жер телімдерін беру рәсімдерінің ашықтығын арыттыру; жер ресурстарын тиімді пайдалануға қатаң бақылауды қамтамасыз ету», - деді Қазақстан президенті.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Алматы облысы жодарының мәселесіне де тоқталды.
«Өңір жолдарының 22%-ы – қанағаттанарлықсыз жағдайда. Облыс әкіміне 2025 жылға дейін апатты көлік жолдарын қайта салу жоспарын әзірлеуді тапсырамын», - деді Тоқаев.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорғанға келген. Хабарда атап өтілгендей Алматы облысында мемлекет басшысы бірқатар өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарын аралайды, сондай-ақ «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.
Тоқаев Алматы облысындағы үш ауысымда оқитын және апатты мектептер проблемасын шешуді тапсырды
