Тоқаев Алматыда блокбекетте қайтыс болған полицейлерді «Айбын» орденімен наградтады

Астана. 26 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда блокбекетте қайтыс болған полицейлерді «Айбын» орденімен наградтады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын: ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы; ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі», - делінген сейсенбідегі Тоқаевтың жарлығында.
Еске салсақ, бұған дейін екі полиция қызметкері қайтыс болған, үшіншісі ауыр жарақат алған Алматыдағы блокбекеттердің бірінде болған жол апатына құқыққорғау органдарында бұрын қызметте болған Азат Азаматов кінәлі болуы мүмкін деген нұсқа пайда болған еді. Полиция автомобиліне соққан BMW көлігінің рөлінде мас күйде сол адамның отырғаны хабарланған еді. Дегенмен Алматы ПД аталмыш нұсқаны растамады. Кейін адам өліміне әкеліп соққан ЖКО-ға кінәлі болуы мүмкін күдіктінің полиция формасындағы суреті де жарыққа шықты, алайда Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек «бұл форманы «Военторгте» сатып алып, екінің бірі кие алады», деп мәлімдеді. Алайда кейін Азаматовтың полицияда жұмыс жасағандағы туралы жаңа деректер пайда болды.
26 мамырда Алматы ПД Азаматовтың алты жыл полицияда жұмыс жасап, төрт рет тәртіптік жаза алып, «өз міндетіне немқұрайлы қарағаны үшін» қызметінен қуылғанын растады.
Іс ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі бойынша қасақана адам өлтіру дерегі бойынша тексерілуде.
Сонымен қатар, анықталғандай, Азаматов бұған дейін де полицей болған кезінде ЖКО туралы іс бойынша сотты болған.

adimage