Тоқаев Алматыда Төле би көшесіндегі ағаштарды отау дерегіне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды

Алматы. 24 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Төле би көшесіндегі ағаштарды отау дерегіне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын», - деп жазды Уәли сейсенбі күні әлеуметтік парақшасында.
Бұған дейін  Алматыда Sulpak дүкенінің маңындағы сау ағаштардың кесіліп жатқаны хабарланған еді. Оқиға тұрғындар арасында жаппай түсінбестік тудырды.

adimage