Қарағанды. 23 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады», - деді Уәли дүйсенбі күні Facebook парақшасында.
Хабарда нақтыланғандай, мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған. Сапар барысында сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына бару да жоспарланған.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26