Тоқаев Қарағанды облысындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне барды

    Қарағанды. 20 қазан. ҚазТАГ-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
   "Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Ұлытау ауданындағы "Жошы хан" тарихи-мәдени кешенінде болды. Президентке Жошы хан кесенесі, мұражай, Жошы хан ескерткіші, шатырлы қалашық пен қонақүйді қамтитын кешенде пайдаланылған құнды экспонаттар мен заманауи технологиялық шешімдер ұсынылды", - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Президент киелі тарихи нысан әрдайым ғалымдардың назарында болуға тиіс екеніне назар аударды.
  "Келесі жылы белгілі шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен Алтын Ордаға арналған ірі халықаралық конференция өткізу қажет", - деп ұсынды Тоқаев.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдің туристік әлеуеті туралы баяндап, Президентке курорттық аумақтар мен тарихи-мәдени кешендерді дамыту жоспарын таныстырды.
   "Жоспар Ұлытау, Қарқаралы, Балқаш аудандарының туризм саласындағы әлеуетін нығайтуды, сондай - ақ сервистік және туристік инфрақұрылымды дамытуды көздейді", - деп нақтылады Ақордада.


adimage