Тоқаев қарашада мемсапармен Қырғызстанға барады

Күні: 18:54, 24-09-2019.

Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барады, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігінен (Қыр ТАГ).
«Осы жылдың қарашасында Қырғызстанға  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемсапары жоспарлануда, ол екі жақты әріптестіктің ары қарай дамуы мен нығаюына ықпал ететін болады», - деп атап өтті Жагорку Кенеш баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, қарашада Бішкекте ҰҚШҰ мемлекет басшыларының саммитін өткізу жоспарлануда, күні нақтылануда.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Тоқаевпен 28-29 мамырда Қазақстанға сапары кезінде кездескен. Тараптар екі жақты әріптестікті талқылаған. Ол кезде Жээнбеков Тоқаевты Қырғызстанға келуге шақырған.
Маусым айындаТоқаев Бішкекке барды. Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) мемлекет басшыларының отырысына қатысқан еді.


Жаңалықтармен бөлісу: