Астана. 2 қазан. ҚазТАГ- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев армиядағы және балалармен байланысты қайғылы оқиғалар туралы пікір білдірді.
“Балаларға қатысты кез келген қайғылы жағдай жаныма батады. Мемлекеттік органдардың назарын дереу осындай жағдайларға аударып, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауымда ұстаймын. Мен мұндай жағдайларға мемлекеттік органдардың назарын бірден аударып, тиісті тапсырмалар беремін және олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстаймын. Бұл жағдай әскердегі қайғылы оқиғаларға да қатысты", – деді Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы ата-аналарға ұл-қыздарына көңіл бөліп, оларды алаңдатқан мәселелер жайында әңгімелесу маңызды екенін жеткізді.
«Сөз жоқ, заманауи технологиялар дамуға даңғыл жол ашқанымен, өмірімізге айтарлықтай қауіп төндіреді. Танымал әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін. Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіпті болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты»,- деді президент.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Трампты сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады
6 Қараша 2024, 17:05 -
Бектенов ЛГБТ туралы депутаттарға не деді
6 Қараша 2024, 16:15