Тоқаев Арыстағы ТЖ туралы: қаланы қалпына келтіреміз

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ – Әскери бөлім аумағындағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен Арыс қаласын қалпына келтіреміз, деп мәлімдеді дүйсенбі күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Қаланы (Арыс – ҚазТАГ) қалпына келтіреміз. Барлығы жақсы болады, шыдаңыздар, Бұл төтенше жағдай, апат. Кейде ондай болады. Үкімет қаржы бөледі, көмектеседі. Уайымдамаңыздар, барлығы жақсы болады», - деді Тоқаев кейбір эвакуацияланған Арыс тұрғындарымен кездесуде. Ол кездесу видеосын ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook-тегі өз парақшасына жүктеген.
Тұрғындардың үй берілеме деген сұрақтарына мемлекет басшысы «Жөндеу жұмыстарын, барлығын жасаймыз» деп жауап берді.
«Үкімет керек қаржыны есептейтін болады (үйлерді қалпына келтіру үшін –ҚазТАГ)»
«Сосын (есептегеннен кейін –ҚазТАГ) қаржы бөлінеді. (…) Мен барлығын да түсінемін. Бәрі жақсы болады. Мен арнайы келдім», - деп атап өтті Тоқаев.
Сондай-ақ, Құрманғали мемлекет басшысының Арыстағы жағдай бойынша жедел штаб отырысын өткізгенін жеткізді.
«Қазақстан президенті Арыс қаласындағы жағдаймен танысу үшін Түркістан облысына келді. мемлекет басшысы қару-жарақ қоймасындағы жарылыс салдарын жою бойынша жедел штаб отырысын өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімі Өмірзақ Шүкеевтің оқиға орнындағы жағдай және қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасын тыңдады. Мемлекет басшысы алдымен қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау білдірді», - деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз хатшысы.
Ол атап өткендей, мемлекет басшысы үйлерінен айырылған азаматтарды шұғыл орналастыруды қамтамасыз ету бойынша алғашқы шараларды қабылдауды және зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді, соның ішінде медициналық көмек көрсетуді тапсырды.
«Мемлекет басшысы қаланың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар мен материалды құндылықтарға мемматрезерв есебінен қаржы бөлуді тапсырды. Үкіметке және облыс әкіміне қалпына келтіру жұмыстарының құнын есептеу және үйлерді, инженерлік желілерді, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдарды қалыпқа келтіру үшін үкімет резервінен қажетті қаржының бөлінуін қамтамасыз ету тапсырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев құтқару және қалпына келтіру жұмыстары барысында нақты ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты бір жолға қоюды, сондай-ақ, жарылыс себебін егжей-тегжейлі анықтауды талап етті», - деді Құрманғали.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Соңғы ақпар бойынша, оқиға орнында өрт сөндіру және эвакуациялық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, зардап шеккенер анықталуда. Облыс әкімінің басшылығымен жұмыс тобы құрылған
Арыс қаласы әкімінің өкімімен халықты Арыстан 50 шақырым жердегі Монтайтас ауылдық округіне эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл үшін 20 автобус жұмылдырылды. Сонымен қатар халықты көшіру үшін Шымкент қаласының әкімдігі 36 автобус жіберді. Шымкент қаласында 15 эвакуациялау бекеті құрылды.
Елдің әр түрлі өңірінде жарылысқа байланысты жергілікті ТЖД-де қауырт желі ашылған.
Сондай-ақ, хабарланғандай, Арысқа жақын маңдағы елді мекендерден халық өз беттерімен кетуде.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Шұғыл брифинг барысында Түркістан облысының әкімі Өмірақ Шүкеев Арыстағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыс салдарынан бір адамның қаза тапқанын, 31-нің түрлі жарақаттармен ауруханаларға жеткізілгенін мәлімдеді.
ҚР Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқармасының төрағасы Біржан Оспанов Нұр-Сұлтандағы брифингте Арыстағы жарылыстан кейін 71 адамның медициналық көмекке жүгінгенін жеткізді.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ҚР Қарулы күштерінің 1,8 мыңға жуық адамының Арыстағы төтенше жағдайға жұмылдырылғанын мәлімдеді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінде «Арыс» станциясы арқылы өтетін кей жолаушылар пойызының уақыты өзгергенін хабарлады.

adimage