Тоқаев астаналықтардың қардың тазартылу сапасына көңілдері толмауларына қарамастан Көлгіновтың жұмысын мақұлдады

Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев астаналықтардың қардың тазартылу сапасына көңілдері толмауларына қарамастан әкім Алтай Көлгіновтың жұмысын мақұлдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорда әкіміне қаланың инженерлік желілерін нығайтып, кәріз жүйелерін жаңарту жөнінде нақты тапсырма берді», - деп хабарлады дүйсенбіде Тоқаевтың Көлгіновпен кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
Ақордада нақтылағандай, кездесу барысында Көлгінов мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.
«Қазақстан Президентіне тұрғын үй, әлеуметтік нысандар: мектептер, ауруханалар мен емханалар, жеңіл атлетика стадионын салу жоспарлары, қазақ драма театрының құрылысы жөнінде баяндалды», - делінген хабарда.
Атап өтелік, кездесу қала көшелерінде қардың үйіліп қалуына көңілі толмаған Нұр-Сұлтан тұрғындарының тарапынан жаппай сынға ұшырау фонында өткен. Бұған дейін елордалық биліктің жауын-шашынның нормадан көп жауып жатқанын мәлімдегеніне қарамастан, көптеген астаналықтар қардың қыс басталғалы бері тиісінше дұрыс тазартылмағанын айтуда. Онымен бірге ғаламторда қазақстандықтар «Нұр-Сұлтандағы тау болған қар» тақырыбында ортасында Көлгіновтың тұрған суреті бар әзілдер таратуда.

adimage