Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыздың бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевты ұстауға қатысты жағдайды Қырғызстанның ішкі шаруасы деп санайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді», - деп хабарлады бейсенбі күні ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Еске салсақ, 7 тамыз күні кешкісін Шу облысы Аламадун ауданы Қой-Таш ауылында Атамбаевты ұстау бойынша арнайы операция басталған еді.
Оқиға орнында жедел-жәрдем бригадасы құрамында болған Бішкектің ШМО директоры Искендер Шаяхметовтың айтуынша, Атамбаевтың жақтастары қару қолдануда.
ҚР МҰҚК мәлімдеуінше, арнайы жасақ жауынгерлері Атамбаеты ұстау бйоынша арнайы операция кезінде қару қолданбаған, тек резеңке оқтар мен шулағыш граната қолданған.
Атамбаевты бес эпизод бойынша жауап алу үшін ұстауға тырысуда: заңдағы ұры А.Батукаевты босату дерегі бойынша; Қой-Таш ауылында Атамбаевтың үйі орналасқан жер теліміне қатысты; экс-президенттің салықтық декларациясы бойынша; «Бішкек қаласының ЖЭО жаңғырту» жобасын дайындау, қол қою және жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық; Бішкек ЖЭО-ға заңсыз көмір жеткізуге және «Рассвет Компани» мен «Прогресс Компанидің» қосылуына Атамбаевтың қатыстылығы дерегі бойынша.
Жогорку Кенеш 27 маусымда Атамбаевты экс-президент және қол сұғылмаушылық мәртебесінен айырды. Оған депутаттық комисси қорытындысы негіз болды. олар Атамбаевқа алты тармақ бойынша айып тақты, оның бесеуін бас прокуратура мақұлдады.
Атамбаевтың өзі тағылған айытардың бірде-бірін мойындамады және оны ұстауға тырысқан жағдайда қорғануға ниетті екенін мәлімдеді. «Менің атыма жазылған қаруым бар», - деп мәлім етті Атамбаев. Атап өтелік, Атамбаев үш рет түсінік беруден бас тартты. 8 тамызға қараған түні Қырғызстанның экс-басшысы жауынгерлерге бейбіт тұрғындарға қатысты қару қолданбау қажеттігі туралы мәлімдеме жасады.
Соңғы ақпар бойынша, Атамбаевты ұстауға тырысу кезінде арнайы жасақтың бір жауынгері қаза тапқан, Шу облысы МІІБ басшысы Самат Құрманқұлов ауыр жарақат алған, оның жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалауда. Жалпы 45-тен астам адам зардап шеккен. Арнайы жасақ жауынгерінің өлімі, Құрманқұловты өлтіруге оқталу және арнайы жасақтың алты жауынгерін кепілге алу бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазір Атамбаевтың Қой-Таштағы резиденцисында оның 3 мыңға жуық жақтасы жүр. Президент Сооронбай Жээнбеков ҚР қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Атамбаевтың заң аясында тергеу амалдарын жүргізуге аяусыз қарулы қарсылық таныта отырып, Контитуцияны өрескел бұзды деп мәлімдеді. Ол қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне елде заңдылықтың, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің сақталуы бойынша барлық шаралардың орындалуы қажеттігін атап өтті, соған байланысты Жээнбековтың айтуынша, кезек күттірмейтін шаралар қолданылуы керек.
Тоқаев Атамбаевты ұстауға қатысты жағдайды Қырғызстанның ішкі шаруасы деп санайды
