Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Қазақстан Президентіне министрліктің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ, жаңа Экологиялық кодекстің әзірлену барысы туралы мәлімет берілді. Министр геология саласын дамыту, су ресурстарын үнемдеу, ормандарды және жануарлар әлемін қорғау үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді. Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу, соның ішінде сынақ алаңдарын экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын күшейту қажеттігін айтты», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында.
Қасым-Жомарт Тоқаев су және өсімдік әлемін қорғау, браконьерлікпен және орманды заңсыз отаумен күрес жүргізу мәселелері айрықша бақылауда болуы тиіс екеніне тоқталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тартуға шақырды.
Еске салсақ, 16 мамырда сағат 02.03-те өрт сөндіру қызметінің тетігіне Алматы облысы Қарасай ауданы Айтей ауылынан 7 ш. жерде шамамен 1 га алаңда қатты тұрмыстық қалдықтар өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Өрт алдын-ала себеп бойынша химиялық қалдықтардың себебінен шыққан. Өртті сөндіруге қосымша 20 бірлік техника жұмылдырылған. Кешкісін белгілі болғандай, өртті сөндіруге екі тік ұшақ кіріскен, түнге қарай өрт бәсеңдеген. 17 мамырда өрт қайта тұтанып, 18 мамырда да жалғасқан. 18 мамыр күні кешкісін ғана өрт толығымен сөндірілген, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
17 маусымда Қазақстан президентінің жарлығымен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Оның министрі болып Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды.
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22