Тоқаев «Айбалта-2019» оқу-жаттығуларына қатысу үшін Талдықорғанға келді

Күні: 12:25, 02-05-2019.

Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта-2019» оқу-жаттығуларына қатысу үшін Талдықорғанға келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорғанға келді. (…) Тоқаев «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысу үшін келді», - деп жазды бейсенбіде Facebook-тегі парақшасында Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Құрманғалиев.
Сондай-ақ, хабарланғандай, Алматы облысында мемлекет басшысы бірқатар өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарды аралайды.
«Өңір жұртшылығымен және кәсіпкерлерімен кездесулер, көктемгі-егістік жұмыстар барысымен танысу жоспарланған», - деді баспасөз хатшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: