Тоқаев қайтыс болған екі қазақстандық дәрігерді наградтады

Астана. 13 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған екі қазақстандық дәрігерді наградтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Исаев Олег Николаевич (марқұм) - Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі, Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) - «Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы», - делінген Тоқаевтың дүйсенбідегі жарлығында.
Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

adimage