Тоқаев Қазақстан елордасы Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті өкілеттігіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы Астанадан Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды.
«Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын. Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсыныстар бұрын, парламентерийлермен, Парламент депуттарымен айтылған болатын», - деді Тоқаев.
«Ары қарай мемлекетіміздің астанасында Қазақстанның тұңғыш президенті құрметіне монумент тұрғызуды ұсынамын. Облыстық қалалардың барлығындағы орталық көшелерге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі берілуі тиіс деп санаймын. Барлығы біздің Елбасының Халық Қаһарманы және Еңбек ері деген жоғары атақтарға лайық екенімен келіседі деп ойлаймын», - деді ол.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстан президенті лауазымындағы өкілеттігінің аяқталғаны туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті сайлауға дейін мемлекетті сенатор спикері Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратын болады.

adimage