Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Күні: 10:08, 06-05-2019.

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді", - делінген президент құттықтауында.
Мемлекет басшысы «Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейтінін» атап өтті.
«Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр. Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!», - деді Тоқаев.


Жаңалықтармен бөлісу: