Тоқаев Қазақстан портына жаңа жүк ағындарын тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан портына жаңа жүк ағындарын тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Үкімет Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Қытай елдерімен біздің порттарға қосымша жүк ағындарын тарту бойынша жұмысты жандандыруы керек», - деді Тоқаев жұма күні Маңғыстау облысы жұртшылығының өкілдерімен кездесуде.
Ол атап өткендей, Маңғыстау облысы арқылы Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан, Парсы шығанағы елдерін, Түркия мен Оңтүстік Еуропаны қосатын Транскаспий халықаралық көлік маршруты өтіп жатыр.
«Еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану біздің ұзақмерзімді басымдықтарымыздың бірі болып табылады», - деді Тоқаев.
Сонымн қатар, мемлекет басшысы салалық министрліктерге, холдингтер мен әкімдіктерге маңызды тауарларға орташа шұғыл сұраныс балансын қалыптастырып, тиісті ақпаратты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдауды тапсырды.


adimage