Тоқаев Қазақстанда биліктің берілу схемасын саяси инновация деп атады

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда биліктің берілу схемасын саяси инновация деп атады.
«Маған Ресейде биліктің берілуіне қатысты (2008 жылы, президент ретінде Дмитрий Медведев тағайындалып, Владимир Путин премьер қызметінде өз ықпалын сақтап қалған кезде - ҚазТАГ) айту қиын, себебі ол басқа мемлекет. Ал Қазақстанға келер болсақ, онда бұл жерде шын мәнінде белгілі бір деңгейде саяси инновация орын алды. Себебі біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының іргетасын қалаушы, зор құрметке ие тұлға, ұлт көшбасшысы ретінде көреміз. Ол ұлт көшбасшысы рөлін атқарады, қазақ тілінде ол Елбасы деп аталады. Және ол бұрынғысынша Қауіпсіздік кеңесін басқарады. Маған келер болсақ, мен заңды түрде тағайындалған президент, мемлекет басшысы, жоғары қолбасшымын. Біздің арамызда ешқандай қарама-қайшылық жоқ», - деп мәлімдеді Deutsche Welle-де «Немцова.Интервью» авторлық бағдарламасында Жанна Немцованың Путин-Медведев және Назарбаев-Токаев тандемі арасындағы байланыс туралы қойылған сұрағына берген жауабында.
Мен, деп жалғастырды мемлекет басшысы, бір-бірімізбен кеңесетінімізді жасырмаймын.
«Кейде мен мемлекетті басқаруда мол тәжірибесі бар адам ретінде одан кеңес сұраймын. Сондықтан бізде негізі тандем деген түсінік жоқ. Және ол өзі де айтты, бұл жерде қос билік жоқ, бізде тандем жоқ. Заңды сайланған президент бар. Жақында партия басшыларымен кездесу барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барлығын жаңа президенттің маңайына бірігуге шақырды. Мен оған сол үшін де ризамын», - деді ҚР президенті.
Назарбаев нақты қандай мәселелерде маңызды рөл ойнайды деген сұраққа, Тоқаев «иә, расында, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ішкі және сыртқы саясат секілді стратегиялық мәселелерде маңызды рөл ойнайды» деп жауап берді.
«Сонымен қатар, бұл - мемлекетті жеке дара басқарудың қажеттілігін түсінетін адам, сондықтан мемлекетті жедел басқаруға қатысты осы, ал менің сыртқы саясат саласындағы тәжірибемнің көптігін ескерсек, оған қоса, менің осы елдің премьер-министрі болып қызмет атқарғанымды ескерсек, бұл тұрғыда қандай да бір мәселе жоқ. Мен кейде өзім кей мәселелелр бойынша оған хабарламасын, қалай жасасақ дұрыс болады деген сияқты, және бұл жерде мен өзіме келер қандай да бір залалды көріп тұрған жоқпын.
Оған қоса, деді ҚР президенті, біз кейбір кадрлық сұрақтар бойынша кеңесеміз, талқылаймыз, сыртқы саясат, Еуразия экономикалық одағы аясындағы интеграция мәселесі бойынша пікір алмасамыз.
«Жалпы, адами тұрғыда бізге бір-бірімізбен әңгімелескен өте қызық. Ал бұл химия деп аталатын нәрсенің негізі емес пе, бұл екі басшы арасындағы тығыз қарым-қатынастың негізі емес пе. Оның үстіне Нұрсұлтан Әбішұлы қазір сол стратегиялық жағдайға, тек Қазақстанның дамуымен байланысты ғана емес, ден қоюды жоспарлауда. Ол заманалық тұрпаттағы адам болғандықтан, бір ағылшын авторы Джон Айткин жазғандай, ол өзінің саяси мансабын Хрущевтің кезінде бастап, Путинмен аяқтаған, сондықтан өңірлердің секілді, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына қатысты оның айтары бар», - деді Тоқаев.

adimage